Министрлік өкілдерінің айтуынша, заңнамалық деңгейде өзекті бағыттар бойынша гранттарды халықтың қажеттіліктеріне бағыттауға, гранттық тақырыптарды іріктеудің тиісті тетігін қамтамасыз етуге, қаржыландыруды реттеуге және әкімшілік процестерін жақсартуға мүмкіндік беретін гранттарды жоспарлаудың жаңа форматын енгізу көзделген.
Талқылау барысында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өзекті мәселелері де қозғалды. Спикерлердің айтуынша, құқық қолданудың әлсіз тәжірибесі бірнеше жылдан бері жалғасуда. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы заңнама теориялық деңгейде жобалардың жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз ететініне қарамастан, іс жүзінде жобаларды сапасыз жоспарлау фактілері артып келеді.
Аталған теңгерімсіздікті шешу үшін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, барлық мемлекеттік органдар үшін, жария талқылаулар өткізу үшін бірыңғай алаң енгізу мәселесін пысықтауда. Сонымен қатар қоғам өкілдері әлеуметтік жобалар тақырыптарын қалыптастыру бойынша жаңа ұсыныстарын білдірді. Қатысушылар ҮЕҰ-ны мемлекеттік қаржыландыру саласындағы түйткілді мәселелерді шешу үшін ұсынымдар айтып, проблемаларды шешу тәсілдерін ұсынды.
Өз кезегінде айтылған ұсыныстар қаржылық қолдау тетіктерін жетілдіру жөніндегі заңнамалық нормаларды әзірлеу кезінде ескермек. Осыған ұқсас алаңды әлеуметтік жобаларды мониторингілеу және бағалау тақырыбына арнап өткізу жоспарлануда.