28 Наурыз, 2014

Басқа басылымдардан

173 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

ИНТЕГРАЦИЯ ЕЛДІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРАДЫ

Әлемдік БАҚ-тар өздерінің оқырмандарын Гаагада өткен ІІІ Жаһан­дық ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммиттің қорытындыла­­­­рымен таныстыруын жалғастыруда. Оның үстіне, ақпараттардың айтарлық­тай бөлігі саммиттегі Қазақстан Президентінің сөзі мен оның жетекші әлемдік саясаткерлермен кездесуіне, сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев­тың Нидерландқа сапарының қорытындысы бойынша болған брифингіне қатысты болып отыр. 1-polit_ru - копияҚазақстан Пре­зи­денті Нұрсұлтан Назарбаев Гаагадағы ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит кезінде Ақ үй басшысы Барак Обамамен Қазақстанның ДСҰ-ға өтуі перспективаларын талқы­лады. Н.Назарбаевтың сөзіне қараған­да, Қазақстанда 300 шамасында америка­лық­тармен бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Қазақстан Президенті, сондай-ақ, АҚШ-тың Қазақстан экономикасына аса ірі инвесторлардың бірі екенін атап көрсетті. Бұған қоса, Қазақстан Америка компанияларының Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына белсенді қатысуына мүдделі. Барак Обамамен қатар, Қазақстан Президенті форум алаңдарында Франция, Ұлыбритания және өзге де елдердің басшыларымен, сондай-ақ, БҰҰ Бас хатшысымен және МАГАТЭ басшылығымен кездесті.   2-regnum - копияҚазақстан Пре­­­­­зи­денті Нұрсұлтан Назарбаев Гаагада Жапония Премьер-министрі Синдзо Абэмен кездесіп, екіжақты сауда-эко­­но­микалық, ғылыми-технологиялық және инвестициялық ынтымақтастықтың кең көлемін талқылады. Н.Назарбаев пен С.Абэ екіжақты қарым-қатынасты одан әрі белсенді ете түсуге перспектива мол екенін атап өтті. Әсіресе, екі елдің компаниялары арасын­дағы іскерлік байланыстарды арттыру­дың маңызы зор екеніне назар аударылды. Қазақстан Президенті, сондай-ақ, екіжақты ынтымақтастықты қазіргіден де арттыра түсуге жоғары мүдделілік таныт­ты. «Мен сапармен Жапонияда екі мәрте болдым. Біз Сіздің Орталық Азия елдерімен қарым-қатынасты нығайту туралы идеяңызды қуана қолдаймыз. Жапония – әлемдегі аса ірі экономикалардың бірі және Азиядағы көршіміз. Соңғы кездері біздің қатынастарымыз белсенді бола түсті. Осы орайда біз барлық бағыттар бойынша ынтымақтастыққа дайынбыз. Біздердің өзара іс-қимылымыздың негізгі бағыттары –  энергетика, әсіресе, ядролық энергетика. Қазақстан уран өндірісі бойынша әлемдегі жетекші мемлекет бола отырып, Жапонияның атом стансалары үшін уран өнімін бере алар еді», деді Н.Назарбаев. Қазақстан басшысы, сонымен қатар, Ақмола облысында сирек кездесетін металл өндіретін бірлескен жоба  бойынша зауыт жұмыс істейтінін атап өтті. Бұдан бөлек, ол екі елдің Қазақстанның индустриялық-инновациялық бағдарламасы шеңберінде технологиялық және инновациялық ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндігі бар екеніне назар аударды.   2-росбалт - копияҚазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Гаага­да Финляндия Президенті Саули Нии­нис­темен кездесті. Кездесуде екіжақты ын­тымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашағы талқыланды. Мемлекет басшылары сауда-экономикалық, технологиялық және инвестициялық салаларға өзара іс-қимылды белсенді ете түсудің жолдарын қарастырды. Атап айтқанда, Финляндия Президенті өзінің өткен жылғы Астанаға сапарынан алған әсерімен бөлісті: «Менің сапарымның қорытындысынан көп нәрсе күтуге болады. Екіжақты сауда көрсеткіштері өсе түскен. Финляндия іскер топтары өкілдерінің Сіздің еліңізбен ынтымақтастықты дамыту үшін  өзара іс-қимылды жандандыра түсуге қызығушылығы артып отырғанын да атап өткім келеді», деді Финляндия Президенті.   4-мирҚХР Төрағасы Си Цзи­ньпин Нидерландтағы саммитте Қазақстан Пре­зидентімен кездесті. Екі елдің басшылары Украи­надағы жағдай бойынша пікір алмасып, «Украина проблемасы құқық пен тәртіп шеңберінен шықпауы тиіс» деген ортақ ұстанымға келді. Екі ел басшыларының атап көрсеткендеріндей, елдегі саяси жағдайды үнқатысу мен консультациялар есебінен реттеуге ұмтылыс танытылуы тиіс. Тараптар аталған мәселе бойынша байланысты одан әрі де жалғастыруға уәделесті. Н.Назарбаев, сондай-ақ, таяу арада Қытайда өтеді деп жоспарланып отырған Азиядағы өзара іс-қимыл  және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) саммитіне дайындық жұмыстарына жоғары баға берді. Си Цзиньпин өз кезегінде Нұрсұлтан Назарбаевпен маңызды халықаралық және өңірлік мәселелер бойынша пікір алмасуды жалғастыруға үмітті екенін білдіре келіп, сауда-саттық, экономика, энергетика және ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастықты арттыруға қызығушылық танытты.   5-NEWSBALTҚазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ни­дерланд  Корольдігіне ресми сапарының қорытындысы бойынша өткізілген брифинг барысында және Гаагадағы ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит жұмысына қатысуы кезінде Еуразиялық одақ құру мәселесін де қозғады. «Интеграция кеден кедергілерін жойып, бәсекелестікті арттыруға мүмкіндік береді. Сондықтан, бізде таза прагматикалық қана мүдде бар. Ол – елді дамытып, эко­но­миканы көтеру және ІЖӨ-ні арттыру. Біздің саяси тәуелсіздігімізге қатыс­ты айтатын болсам, бұл – константа, Қазақ­стан ешкімге де өзінің егемендігін бермейді. Бірақ, белгілі бір экономикалық өкілеттіктерімізді, мәселен, Еуропалық Одақтағы сияқты, ерікті түрде ұлтүстілік органдарға беретін боламыз. Еуроодақта Еурокомиссия кеден мәселелерін шешіп, сауда-саттық, тарифтер, мұнай және газ тасымалдау, электр энергиясы, теміржол және автомобиль жолдары салаларындағы үдерістерді реттеп отырады. Біздің болашақ одағымызға қатысты барлық мәселелер консенсус негізінде шешілетін болады. Ақырғы шешім барлық үш мемлекеттің келісімімен қабылданады. Сондықтан, бұл арада ешқандай да толқудың қажеті жоқ, бұл барлық қатысушылар үшін тиімді. Әсіресе, дағдарыс жағдайында пайдасы зор. Интеграциялық үдерістер ілгерілей беретін болады және мұның біздің тәуелсіздігімізді нығайтуға да тікелей қатысы бар мәселе», деп атап өтті Қазақстан Президенті.   6-newsҚазақстан Пре­зи­денті Нұрсұлтан Назарбаев Украина­дағы жағдай Еура­зиялық экономикалық одақ құру бойынша жұмыстар жүргізуге ықпал етпейді деп есептейді. Қазақстан Президентінің атап өткеніндей, Украи­надағы оқиғалардың интеграциялық үдерістер барысына әсері жоқ және Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы негізгі шартқа қол қою бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Гаагада өткен ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммиттің қорытындысы бойынша ұйымдастырылған брифингте сөз сөйлеген Қазақстан Президенті интеграция кеден кедергілерін жойып, елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді, деді. Және Қазақстанның таза прагматикалық экономикалық мүддесі, міне, осында жатыр. «Қазір интеграциялық үдерістер одан әрі ілгерілей беретін болады. Және бұл біздің тәуелсіздігімізді нығайтудың мәселесі де болып табылады. Ал біздің осы жылдардың бәрінде жүргізіп келген саясатымыз, өмірдің өзі көрсетіп отырғанындай, дұрыс болып шықты», деп атап көрсетті Н.Назарбаев.   3-CA-News - копияҚазақстан Пре­­­­зиденті Нұрсұлтан Назарбаев Гаага­да Ресей Федерациясына қатысты эко­номикалық санкциялар Қазақстанға тікелей әсер етпейді деген пікір білдірді. Сонымен бірге, ол Ресейдегі даму ырғағының төмендеуі мен экономикалық көрсеткіштердің нашарлауы Қазақстан экономикасына жанама түрде болса да ықпал етуі мүмкін екенін жоққа шығарған жоқ. «Алайда Қазақстан тәуелсіздіктің барлық жылдарында сауда-экономикалық қатынастарды әртараптандыру саясатын жүргізіп келді. Бүгінде біз, сондай-ақ, өзіміздің көлік-логистика жүйемізді де дәйектілікпен дамытудамыз. Ол әлемнің барлық елдерімен тиімді іс-қимыл орнатуға мүмкіндік береді», деп атап көрсетті Қазақстан басшысы. Қазақстан Президенті қазіргі әлемнің көпқырлылығы соған сәйкес келетін шешім жа­сау пішінін талап ететініне назар аударды. Шетел ақпарат агенттіктерінің хабарлары негізінде дайындалды.