Бизнес • 25 Ақпан, 2022

Жылдың үздік инновациялық стартабы атанды

378 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ernst & Young компания­сы ірі халық­аралық Entrepreneur of the Year («Жыл кәсіпкері») байқауын қоры­тын­дылады. Cerebra.ai Ltd «Ин­новация­лық стартап» номинациясына ие болды.

Жылдың үздік инновациялық стартабы атанды

Жобаның негізін қалаушысы мен менеджері Досжан Жүсіпов бұл жетістік бүкіл ұжымның еңбегі екенін атап өтіп, компанияның алдында еліміздің барлық инсульт орталықтарында бұл бағдарламаны қосу бойынша үлкен міндет тұрға­нын мәлімдеді.

«Біздің командамыз иннова­циялық өнім жасап қана қоймай, инсультке қатысты қалыптасқан парадигманы өзгертіп жатқанына сенімдімін. Біз адамдардың қиын жағдайларға дайын болғанын қалаймыз. Ол үшін біздің команда «Инсульт» қайырымдылық қорын ұйымдастырды. Біз инсульттан болатын өлімді азайтуға үлес қосқымыз келеді», деді Досжан Жүсіпов.

Биыл EY байқауды пандемия қиындықтарына қарамастан, өз бизнесін дамытуды жалғастырған кәсіпкерлерге арнады. Еске салайық, байқаудың ұлттық кезеңі 2007 жылдан бастау алады. Содан бері байқауға экономиканың түрлі салалары мен еліміздің өңірлерінен 800 отандық кәсіпкер қатысқан.

Еске сала кетейік, Astana Hub – IT-стартаптарға арналған халық­аралық технопарк. Astana Hub ТМД елдерінен стартаптар және IT-ком­панияларды тартумен және лока­лизациялаумен, технологиялық кә­сіп­к­ерлікті танымал етумен және жер­гілікті мамандарды, стартаптар мен IT-компанияларды дамытумен, сондай-ақ отандық IT қызметтері мен өнімдерінің экспортын дамытумен айналысады, дейді Astana Hub баспасөз қызметі PR және маркетинг бөлімінің аға менеджері Алтынгүл Жаңабай.