Спорт • 25 Ақпан, 2022

Ақша мол, нәтиже нөл

630 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитеті (ҰОК) таяуда ғана Бейжіңде аяқталған Ақ Олим­пиадаға даярлануға қанша қаражат жұмсалғанын жария етті.

Ақша мол, нәтиже нөл

Аталған ұйымның бас хатшысы Андрей Крюковтің айтуынша, әр спорт түріне мынадай көлемде қаржы бөлінді: биатлон – 384 миллион, тау шаңғысы – 100 миллион, коньки – 400 миллион, шаңғы – 363 миллион, керлинг – 200 миллион, шаңғымен трамплиннен секіру – 198 миллион, сноуборд – 14 миллио­н, мәнерлеп сырғанау – 143 миллион, фрис­тайл-могул – 562 миллион, фристайл-акробатика – 319 миллион, шайбалы хоккей – 259 миллион және шорт-трек 392 миллио­н теңге. Ал тікелей Олимпия ойындарына қатысу үшін 284 миллион АҚШ доллары көлемінде қаражат жұмсалған екен.

Әрине, бұл аз ақша емес, спортшылардың алаңсыз даярланып, олардың барлық қажет­тіліктерін өтеу үшін жеткілікті мөлшерде қар­жы бөлінді. Бірақ Қысқы ойындарда бірде-бір жүлдеге қол жеткізе алмадық.