Кәсіпқой бокс • 25 Ақпан, 2022

Қанат Ислам мен Джимми Келли жекпе-жегі тікелей эфирден көрсетіледі

3104 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ертең орта салмақ дәрежесінде бақ сынап жүрген қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам шаршы алаңдағы кезекті кездесуін өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қанат Ислам мен Джимми Келли жекпе-жегі тікелей эфирден көрсетіледі

Ал бүгін Қанат Ислам мен оның қарсыласы ұлыбританиялық Джимми Келли салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті. Екі боксшы бұл кездесуде WBO Global белдігін сарапқа салатын болады. Он раундтық форматтағы кездесу АҚШ-тың Плант-Сити қаласында өтеді. Жекпе-жекті «Хабар» арнасы тікелей эфирден көрсетпек. Тікелей эфир таңғы сағат 07.00-де басталады.