Тағайындау • 25 Ақпан, 2022

Президент Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде тағайындаулар жасады

482 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұрлан Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Президент Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде тағайындаулар жасады

«Нұрлан Алмасұлы Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылады», делінген жарлықта.

Сондай-ақ Олжас Төлегенұлы Қизатов Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.