Жекпе-жек • 25 Ақпан, 2022

Жалғас Жұмағұловтың қарсыласы анықталды

228 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

UFC-де бақ сынап жүрген қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұловтың келесі жекпе-жектегі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Жалғас Жұмағұловтың қарсыласы анықталды

Деректерге сенсек, қазақ оғланы келесі кездесуін америкалық Джефф Молинаға қарсы өткізеді. Екі спортшы Лас-Вегаста 4 маусым күні өтетін UFC 275 турнирінде октагонға шығады. АҚШ спортшысы ұйымда екі жекпе-жек өткізіп, екеуінде де қарсыластарынан басым түскен. Ал Жалғас Жұмағұлов болса төрт мәрте октагонға шығып, бір қарсыласын жеңсе, үш мәрте жеңілістің кермек дәмін татқан болатын.