Қазақстан • 25 Ақпан, 2022

Украинадағы қазақстандықтар үшін арнайы рейс ұйымдастырылады

239 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Air Astana авиакомпаниясы Украинадағы қазақстандықтарды Польшадағы Катовице қаласынан Атырауға арнайы рейспен шығарады. Рейстің ұшуы 26 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 02:00-ге жоспраланған, деп хабарлайды Egemen.kz авиакомпанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Украинадағы қазақстандықтар үшін арнайы рейс ұйымдастырылады

Жолаушылар ҚР Украинадағы Елшілігі ұсынған тізімдер бойынша рейске тіркелетін болады. Қазақстандықтар трансфер үшін 25 ақпанда Львов қаласындағы Замкнен көшесі 3/1 мекенжайындағы ҚР құрметті консулдығына жиналуы қажет.

Қосымша ақпарат алу үшін Air Astana өкілдеріне мына телефондар арқылы хабарласуға болады: +38 (050) 051-11-17, +38 (050) 981-54-49.