Әлем • 25 Ақпан, 2022

Ресей халқы Украинаға басып кіруге қарсы

823 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәскеуде, Санкт-Петербургте және Ресейдің басқа да бірқатар ірі қалаларында Ресей Федерациясының Украинадағы әскери операциясына қарсы рұқсат етілмеген әрекеттер орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ресей халқы Украинаға басып кіруге қарсы

Мәскеуде, Санкт-Петербургте және Ресейдің басқа да бірқатар ірі қалаласында елдің Украинадағы әскери операциясына наразылық білдірушілер көшеге шықты. 

Ел бойынша мыңдаған наразылық білдірушілер ұсталған. Шерушілер Ресейдің Украинаға басып кіруіне қарсы баннерлер көтеріп, Ресей Президенті Владимир Путинге қарсы ұрандар айтты. 

Құқық қорғау қызметкерлері мен шерушілер арасында қақтығыс болғаны туралы ақпарат бар.