Қаржы • 25 Ақпан, 2022

Теңгедегі депозиттер бойынша ең жоғары мөлшерлеме көтерілді

321 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесін көтергеннен кейін 2022 жылғы ақпан мен наурызға қысқа мерзімді депозиттер бойынша ұсынылатын ең жоғары мөлшерлемелерді арттырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Теңгедегі депозиттер бойынша ең жоғары мөлшерлеме көтерілді

Сонымен қатар теңгедегі ұзақ мерзімді салымдардың тартымдылығын қолдау мақсатында ең жоғары мөлшерлемелер көтерілді:

  • 2022 жылғы ақпан мен наурызға 12 айға арналған мерзімді депозиттерге;
  • 2022 жылғы наурызға 12 айға арналған жинақ депозиттеріне.

Өзгерістер 2022 жылғы 24 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі және сол күннен бастап банктер депозиттік өнімдер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін қайта қарауға құқылы болады.