Кәсіпқой бокс • 25 Ақпан, 2022

Андраденің арманын «Канелоның» жоспары жоққа шығарады – журналист

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Badlefthook.com сайтының авторы Патрик Стамберг екінші орта салмаққа көтеріліп, ұлыбританиялық Зак Паркермен қолғап түйістіруге бекінген Деметриус Андраденің арманын екінші орта салмақтағы әлемнің абсолютті чемпионы Сауль Альварестің жоспары бұзатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz sports.kz-ке сілтеме жасап.

Андраденің арманын «Канелоның» жоспары жоққа шығарады – журналист

«Белгілі промоутер Фрэнк Уоррен промоутерлік сатылымда жеңіске жеткені мәлім. Бұл Андраде мен Паркер арасындағы жекпе-жек Ұлыбританияда өтетінін білдіреді. Екі боксшы екінші орта салмақтағы әлемнің уақытша чемпионы атағын сарапқа салады. Шайқастың нәтижесіне қарамастан Андраде WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағын сақтап қалады. Алайда ол қай салмақта сынға түсетінін таңдайды. Не екінші орта салмақта қалады не болмаса Әлімханұлы-Мунгия кездесуінің жеңімпазымен қолғап түйістіреді. Бұл жерде Андрадеде үлкен таңдау жоқ. Оның арманы – «Канеломен» қолғап түйістіру. Былайша айтқанда Деметриус Андраденің арманын «Канелоның» жоспары жоққа шығаруы әбден мүмкін», дейді ол өз ойымен бөлісіп.