![ITF «FORTE 60 WOMEN’S»: Жібек Құламбаеваның жолы болмады](/media/2022/02/25/crop-17_5_515x774_210927163632065a3841463i.jpg)
Қазақстандық теннисші Польша өкілі Мартина Кубкамен бірге ширек финалда өзбекстандықтар Нигина Абдураимова – Ақгүл Аманмұрадовамен шеберлік байқасты.
Тартысты бәсекеде өзбекстандық жұп 7:6 (9:7), 7:6 (7:5) есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, өз елімізде өтіп жатқан жарыста Қазақстаннан ешкім қалмады.
Ертең жекелей сында ширек финалда Ева Лис (Германия) – Анастасия Захарова (Ресей), Грета Миннен (Белгия) – Валерия Савиных (Ресей), Куруми Нара (Жапония) – Анжелика Исаева (Ресей), Ясалин Бонавентура (Бельгия) – Алена Большова (Испания) кортқа шығады.
Жұптық сында Н.Абдураимова – А. Аманмұрадова чехиялық Анна Сискова – ресейлік Мария Тимофеева, Я.Бонавентура – украиналық Валерия Страхова ресейлік Екатерина Макарова – чехиялық Линда Носкова жұбымен финалға берілетін жолдаманы сарапқа салады.