Теннис • 25 Ақпан, 2022

ITF «FORTE 60 WOMEN’S»: Жібек Құламбаеваның жолы болмады

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Ұлттық теннис орталығында өтіп жатқан Forte 60 Womens ITF турнирінің жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ITF «FORTE 60 WOMEN’S»: Жібек Құламбаеваның жолы болмады

Қазақстандық теннисші Польша өкілі Мартина Кубкамен бірге ширек финалда өзбекстандықтар Нигина Абдураимова – Ақгүл Аманмұрадовамен шеберлік байқасты.

Тартысты бәсекеде өзбекстандық жұп 7:6 (9:7), 7:6 (7:5) есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, өз елімізде өтіп жатқан жарыста Қазақстаннан ешкім қалмады.

Ертең жекелей сында ширек финалда Ева Лис (Германия) – Анастасия Захарова (Ресей), Грета Миннен (Белгия) – Валерия Савиных (Ресей), Куруми Нара (Жапония) – Анжелика Исаева (Ресей), Ясалин Бонавентура (Бельгия) – Алена Большова (Испания) кортқа шығады.

Жұптық сында Н.Абдураимова – А. Аманмұрадова чехиялық Анна Сискова – ресейлік Мария Тимофеева, Я.Бонавентура – украиналық Валерия Страхова ресейлік Екатерина Макарова – чехиялық Линда Носкова жұбымен финалға берілетін жолдаманы сарапқа салады.