Спорт • 26 Ақпан, 2022

Министр Абзал Әжіғалиевтің сынына жауап берді

485 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шорт-тректен қазақстандық спортшы, Бейжің олимпиадасында 4 орынға ие болған Абзал Әжіғалиев қысқы спорттың дамуындағы олқылықтар туралы айтқан еді. Осы мәселе төңірегінде Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев пікір білдірді.

Министр Абзал Әжіғалиевтің сынына жауап берді

«Ол мәселені спортшы ретінде көтеріп отыр. Сол арқылы кәсіби спортқа расымен жаны ашитындығын дәлелдеді. Құптарлық іс. Бұл жерде мәселе тек қолжетімсіздікпен байланысты емес.

Бапкерлер де сұрақты уақытылы көтеріп отыру керек. Министрліктің мұз айдыны және басқа да спорт саласындағы шешілуі тиіс проблемалардан хабары бар. Мәселені кешенді және жүйелі түрде шешудің жолын қараймыз», деді Дәурен Абаев.