«Келесі жекпе-жектің қашан өтетіні нақты белгілі болды. Жартылай ауыр салмақ дәрежесіндегі өзіме тиесілі әлем чемпионы атағын қорғаймын. Көпшілік күткен шайқаста барымды саламын. Алда мені үлкен жұмыс күтіп тұр», деп жазды Дмитрий Бивол инстаграмдағы парақшасында.
Естеріңізге сала кетейік, Дмитрий Бивол 7 мамыр күні екінші орта салмақтағы әлемнің абсолютті чемпионы, мексикалық Сауль «Канело» Альвареске қарсы шаршы алаңға шығады.