Бұл туралы Франция Бас штабының басшысы Тьерри Буршар мәлімдеді.
Оның айтуынша, бұл шешім НАТО-ның шығыс қанатын қолдау үшін қабылданған.
Ол Украинада жүріп жатқан соғысқа байланысты Эстонияда 200-250 француз әскері, сондай-ақ 4 Mirage 2000 әскери ұшағы орналасатынын атап өтті.
Еске салсақ, 24 ақпанға қараған түні Ресей президенті Владимир Путин Украинаның Донбассында арнайы әскери операция басталғанын хабарлады.