Оқиға • 27 Ақпан, 2022

Украина жағалауында жапон жүк кемесіне шабуыл жасалды

528 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қара теңіздің Украина жағалауында жапондық «Намура Queen» жүк кемесі зымырандық шабуылға ұшырап, экипаж мүшесі жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Украина жағалауында жапон жүк кемесіне шабуыл жасалды

Жапондық Киодо ақпарат агенттігінің хабарлауынша, кеме Жапонияның батысындағы Эхиме префектурасында тіркелген жапондық компанияға тиесілі. 

Панама туымен жүзіп келе жатқан жүк кемесі бортында Филиппиндік иммигранттар болған, олардың бірі жарақат алған. Барлығы 20 шақты адам болған. 

Қазіргі уақытта жүк кемесі берілген бағытта қозғала алады және келтірілген залалды бағалау үшін Түркияға қарай бет алған. Қазіргі сәтте жетіп үлгерген де болуы мүмкін. 

Шетелдік БАҚ-тың Украина билігіне сілтеме жасап хабарлауынша, кемеге ресейлік зымыран тиген.