Өткен түні Харьковта жарылыстар басталды. Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, Харьковтағы жарылыс салдарынан 9 қабатты үйдің тұрғыны қайтыс болды. Құтқарушылар жиырма шақты адамды эвакуациялады. Үйдің жертөлесінде 60-қа жуық адам оқ атудан жасырынып отырған. Олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.
Чернигов қаласына зымыран соққысы түсуі мүмкін екендігін ескертіп, азаматтарға түнде сақтанып жүруіне кеңес берілді.
«Украина өзінің энергетикалық жүйесін Ресей мен Беларусьтің Біріккен желісіне қоспайды», деп хабарлады елдің энергетика министрі Герман Галущенко.
Сонымен қатар, Львовтағы теміржол вокзалында мыңдаған адамдар Польшаға пойыз күтіп отыр.