Қазақстан • 27 Ақпан, 2022

СІМ: Украинадағы Қазақстандықтар зардап шеккен жоқ

429 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, Украинадағы қақтығыс басталған алғашқы күннен бастап қазақстандық дипломаттарды Украинадан ертерек алып шықпағаны туралы ведомство өкілдеріне сауал қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

СІМ: Украинадағы Қазақстандықтар зардап шеккен жоқ

«Егер олар бірінші болып эвакуацияланса, басқа азаматтарды қалай құтқарады? Кабулдағы жағдай естеріңізде ме? Ол кезде де дәл осылай болған. Яғни, біздің дипломаттарымыз қазір сол жерде жұмыс істеп, азаматтарымызға барынша көмек көрсетуде, содан кейін оларды эвакуациялау туралы мәселені қарастырамыз», деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Смадияров дипломаттардың да қарапайым азамат екендігін атап өтті. Олар атыс кезінде қала бойынша қозғала алмайды.

«Қуанышқа орай, біздің азаматтарымыздың арасында зардап шеккендер жоқ. Әзірге бізге ондай  деректер келген жоқ. Жағдай дәл осылай бірқалыпты жалғаса береді деп үміттенемін», деп қосты Айбек Смадияров