Аймақтар • 27 Ақпан, 2022

Атырау облысында екі ауданды су басты

756 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысында екі аудан орталығын еріген қар суы басты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облысында екі ауданды су басты

«Атырау облысының Индер және Қызылқоға аудандарында еріген қардан су тасқынын болдырмау үшін авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілуде. Индербор аудан орталығында көше бөлігіндегі еріген қар суының тереңдігі 30 сантиметрге жетті. Индер ауданы Жарсуат ауылының көшелерін де су басты. Еріген қар суын тоқтату барысында Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері арнайы техникамен қатысады.

Қызылқоға ауданының Миялы аудан орталығында да осы жағдай бойынша авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілуде. Қызылқоға ауданы Миялы ауылының Қарабалин және Аққу көшелерінде 280 м3 су арнайы техникамен жойылды . Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 5 қызметкері, 2 арнайы машина және жергілікті атқарушы органның 2 мотопомпасы жұмылдырылды», деп хабарлайды Атырау облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы.

Бұған дейін ҚР ТЖМ төтенше жағдайлардың алдын алу департаментінің бастығы Рустамбек Амрин еліміздің су тасқыны қаупі бар аймақтарын атады.