Аймақтар • 27 Ақпан, 2022

Павлодарда жеңіл көлік мұз астына түсіп кетті

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқиға 26 ақпан күні болған. Кешкі сағат 18:25-те Павлодар облысы ТЖ департаментінің «112» пультіне жеңіл көліктің мұз астына түсіп кеткені туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодарда жеңіл көлік мұз астына түсіп кетті

Оқиға Павлодар қаласында Усолка шағын ауданының «Ertis Olympic» бассейнінің жанында болды. «Нива» көлігі мұз астына түсіп кетті. Келген құтқарушылар жүкшығыр мен арқандардың көмегімен көлікті жағаға шығарды.

«Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына облыстық ТЖД жеке құрамынан 10 адам мен екі техника және «102» қызметі жұмылдырылды», деп мәлімдеді Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.