Экономика • 28 Ақпан, 2022

Инфляция импорты

193 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

АҚШ және Еуропа елдері Ресей экономикасына күйрете соққы беруге көшті. Тек SWIFT жүйесінен ажыратудың өзі рубль бағамын құлдыратуы мүмкін. Ал Ресей Орталық банкі активтерінің бұғатталуы бұл жағымсыз жағдайды тек күрделендірмек. Егер Ресей интервенция жасай алмайтын күйге түссе, рубль «еркін жүзу режіміне» түседі.

Инфляция импорты

«Рубльді қолдауға жұмсалуы мүмкін Ресейдің 630 млрд доллар алтын-валюта қоры бар және санкцияның мақсаты – Батыс банктерімен келісімдерді бұғаттап, бұл валютаны рубльге ауыстыруды мүмкін қылмау», деп хабарлаған еді Ақүй.

Телеграмдағы Tengenomika каналының сарапшылары бұл жағдайға мынадай түсінікте­ме береді: «Түрлі бағалау бо­йынша, Ресей Орталық банкі­нің валюталық-географиялық бөлінісін ескере отырып, қазір­гі 630 млрд доллардың 60 па­йызы Батыс елдерінің тікелей бұғаттауына тап болуы мүмкін. Ондай жағдайда Орталық банк резеврінің тек 40 пайызы ғана банк жүйесін қолдап, интервенция жасау үшін пайдаланылады. Сонымен қатар SWIFT-тен ажыратылған жағдайда халықаралық серіктестер үшін ресейлік экспорт – мұнай, газ, бидай, әскери қару-жарақ үшін төлем жасау қиындайды. Екі санкция да Ресейге және оның өңірлік серіктесі Қазақстанға да жақсылық әкелмейді. Рубль құл­ды­рауы мүмкін. Бұл өз кезегінде теңгеге де қысымды күшейтеді».

Ресейдегі ахуалдың нашарлап, рубльдің құнсыздануы тауарлар мен қызметтердің қымбаттауына әкеліп соғады. Ал Қазақстан мен Ресейдің аса тығыз сауда серіктестері екенін ескерсек, мұның салқыны елімізге де тиеді. 2021 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 20 млрд доллардан асқан. Көптеген тұтынушылық тауарларды Ресейден сатып аламыз. Демек, Ресейде бағаның қымбаттауы Қазақстанда да қайталанады. Мұндай жағдай­да инфляция импорты болуы мүмкін бе?

«Санкциялық қысымды еске­­рер болсақ, өзге елдерге, оның ішінде Қазақстанға да экс­­портталатын тауарлар баға­сы­­ның өсуі әбден ықтимал. Қа­зақ­стан импортында Ресей­дің үлесі айтарлықтай. Сондық­тан инф­ляциялық қысымды жоққа шығара алмаймыз. Біз­дің ел­дің жалпы импортындағы Ресей үлесі былтыр 42,1 пайыз­ды немесе 17,3 млрд долларды құраған. Ұлттық банктің шұ­ғыл түрде базалық ставканы 13,50 пайызға өсіргенін ес­тен шығармайық. Бұл әлемдегі энер­­гия тасымалдаушылардың рекорд­тық жоғары бағасына бай­ла­­ныс­ты нарықтағы проинфля­ция­лық ахуалға қарсы қосымша қолдау көрсетуі мүмкін», дейді сарапшы Андрей Чеботарев.

Теңгенің жаңа бағамы бүгін белгілі болады. Өткен апта­ның соңында теңге курсы 467 теңгемен аяқталған. Kurs.kz сайтындағы мәлімет бойынша, 1 долларды орташа айырбас­тау бағамы 463 теңге деп көрсетілген.