Экономика • 28 Ақпан, 2022

Ұлттық банк пен Қазақстан қор биржасы бірлескен мәлімдеме жасады

675 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық банк пен «Қазақстан қор биржасы» АҚ бірлескен мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық банк пен Қазақстан қор биржасы бірлескен мәлімдеме жасады

Ұлттық банк пен «Қазақстан қор биржасы» АҚ-мен бірлесіп теңге-АҚШ доллары валюта жұбы бойынша сауда-саттық регламентін өзгерту туралы шешім қабылдады.

28 ақпанда сауда-саттық Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 15:00-де Франкфурт аукционы форматында ашылады.

Бұл шаралар уақытша, белгісіздіктің жоғары дәрежесін және сыртқы геосаяси факторлар тарапынан валюта нарығына және ел ішіндегі қаржылық тұрақтылыққа қысымды азайту қажет екенін көрсетеді.

Сонымен қатар, қазір сыртқы қаржы нарықтарындағы аса айқындалмаған шарттардың өзгеруіне қарай Ұлттық банк «Қазақстан қор биржасы» АҚ-мен бірлесіп, 28 ақпанда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15:00-ге дейін биржалық валюталық сауда-саттықты толық тоқтата тұру туралы мәселені қарауы мүмкін.

Теңге-АҚШ доллары валюта жұбы бойынша сауда-саттықтың одан әрі режимі туралы ақпарат ресми коммуникация арналары арқылы уақтылы жеткізілетіні айтылды.