Көктемнің алғашқы күндерінде Қазақстан аумағында тұрақсыз ауа райы күтіледі. Фронтальдық бөліктердің өтуімен, солтүстік жартыда негізінен қар түрінде жауын-шашын, төменгі боран мен желдің күшеюі, оңтүстікте найзағай мен жаңбыр жауады.
«Республика бойынша тұман, көктайғақ болжанады. Ауа температурасы төмендейді: батыста түнде 2...10 аязға дейін, күндіз 2...15-ке дейін жылу; республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде термометр бағандары 15...20 градусқа дейін төмендейді, күндіз негізгі фон 0...10 аяз; елдің оңтүстік және оңтүстік-шығыс жартысында түнде 0...8 аяз, күндіз 5...15 жылу болады», делінген синоптиктер болжамында.