Аймақтар • 28 Ақпан, 2022

Алматыда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырап, төрт адам зардап шекті

251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда жедел жәрдем көлігі жол-көлік оқиғасына ұшырады. Апат салдарынан төрт адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырап, төрт адам зардап шекті

Жол апаты Райымбек даңғылында Розыбакиев көшесіне жетпей орын алған.

Куәгерлердің айтуынша, жол айрығының алдында жедел жәрдем көлігі шығыс бағытта Райымбек даңғылымен жүріп өткен. Кенеттен көлік жүргізушісі көлікті басқара алмай, алдымен жиектасқа, кейіннен жол белгісі мен жарықтандыру діңгегіне соғылған.

Жол апатынан зардап шеккен төрт адам, атап айтқанда: жүргізуші, фельдшер, медбике және тағы бір жедел жәрдем қызметкері ауруханаға жатқызылды.

Қазіргі уақытта ЖКО-ның барлық мән-жайлары анықталуда.