Білім • 28 Ақпан, 2022

Оқушылар тарих сабағын мұражайда өтуі мүмкін

357 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев оқушылардың мәдениетке деген сүйіспеншілігін ояту мақсатында қандай іс-шаралар жүргізіліп жатқанын айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқушылар тарих сабағын мұражайда өтуі мүмкін

Ол Мәжілістегі Үкімет сағатында ведомство дайындаған жаңа бағдарлама туралы айтып берді.

«Бізде қазір мектеп оқушыларына арналған тұтыну қоржыны бар, біз оны ұлғайтқымыз келеді. Білім және ғылым министрлігімен бірге тиісті ұсыныспен шығамыз», деді Дәурен Абаев.

Оның айтуынша, әр оқушыға мұражайларға, концерттерге және басқа да іс-шараларға бара алатын арнайы карта беріледі.

«Егер оқушы симфониялық оркестрге барса, мұны музыка сабағы ретінде, ал мұражайларға барса, мұны тарих сабақтарына қатысты деп санауға болады», деп қосты Дәурен Абаев.