Әлем • 28 Ақпан, 2022

Ресейлік олигархтар Украинадағы соғысқа қарсылық білдіруде

721 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Екі ресейлік миллиардер - Михаил Фридман мен Олег Дерибаска Украинадағы соғысқа қарсы шығып, бейбітшілікке шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ресейлік олигархтар Украинадағы соғысқа қарсылық білдіруде

LetterOne инвестициялық компаниясының басшысы, Украина тумасы Михаил Фридман компания қызметкерлеріне хат жолдады: «Мен соғыс ешқандай мәселенің шешімі бола алмайтынына сенімдімін» деп жазған ол.

Сонымен қатар ол Батыс Украинада дүниеге келгенін және 17 жасқа дейін сонда тұрғанын, ал ата-анасы әлі күнге дейін сүйікті қаласы Львовта тұратынын атап өтті. Фридман қазіргі сәт украин және орыс халықтары үшін трагедия екенін жазды. Forbes нұсқасы бойынша 15,5 миллиард доллар дәулеті бар Фридман әлемдегі ең бай адамдар тізімінде 128-ші орында тұр.

27 ақпан күні түстен кейін ресейлік кәсіпкер Олег Дерипаска да өзінің Telegram-арнасында соғысқа қарсы пікір білдірді.

«Бейбітшілік өте маңызды! Келіссөздерді мүмкіндігінше тезірек бастау керек!», деді олигарх.

Айта кетсек, Дерибаска - ең ірі алюминий өндірушілердің бірі - Русалдың тең дәрежелі иесі.

Аяна Тоғанбек