Әлем • 28 Ақпан, 2022

Қазақстанның 241 азаматы Украина-Польша шекарасынан өтті

256 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның 241 азаматы Украина-Польша шекарасын кесіп өтті, тағы 99 азамат шекарада кезекте тұр, деп хабарлайды Egemen.kz Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанның 241 азаматы Украина-Польша шекарасынан өтті

«28 ақпандағы жағдай бойынша Украина-Польша шекарасын Қазақстанның 241 азаматы кесіп өтті. Шекарада тағы 99 отандас күтіп тұр, олармен бірге Қазақстанның Киевтегі Елшілігінің дипломаттары бар.

Қазақстанның Польшадағы Елшілігі біздің азаматтардың шекарадан өтуін қамтамасыз ету үшін поляк тарапынан шекарада дипломаттардың тәулік бойы кезекшілігін қамтамасыз етті», делінген хабарламада.

«Эйр Астана» эвакуационалық борты (174 орын) 28 ақпанда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 09.50-де Атырау қаласынан ұшып шықты. Катовицы қаласына келудің есептік уақыты Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 14.00.

Катовице-Атырау бағыты бойынша кері ұшу 28 ақпанда Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 15.30-да жоспарланған.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Катовицы қаласына ҚР азаматтарының жиналуына қарай қосымша эвакуациялық рейстер жоспарланған.