Әлем • 28 Ақпан, 2022

Ресей қырыққа жуық елдің әуе кемелеріне шектеу қойды

1264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресей авиациясы 36 елдің ұшақтарына өз әуе кеңістігінде рұқсатсыз ұшуға тыйым салды, деп хабарлайды Egemen.kz

Ресей қырыққа жуық елдің әуе кемелеріне шектеу қойды

«Халықаралық құқық нормаларына сәйкес,  Ресей еуропа мемлекеттері пайдаланатын ресейлік авиатасымалдау жолдарына және Ресейде тіркелген азаматтық әуе кемелерінің ұшуына 36 мемлекетке шектеу енгізді», делінген Росавиация хабарламасында.

Ведомствоның хабарлауынша, рейстер Росавиация немесе Ресей СІМ берген арнайы рұқсат бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.

Шектеу қойылған елдер тізімі келесідей: Австрия, Албания, Ангилья (Ұлыбританияның шетел аумағы), Бельгия, Болгария, Британдық Виргин аралдары, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Гибралтар, Греция, Дания + Гренландия + Фарер аралдары+ аумақтық теңіз, Джерси, Ирландия, Исландия, Испания, Италия, Канада, Кипр, Латвия, Литва, Люксембург, Мальта, Нидерланды, Норвегия, Польша, Португалия, Румыния, Словакия, Словения, Финляндия, Франция, Хорватия, Чехия, Швеция және Эстония.

Естеріңізге сала кетейік, Еуропалық одақ Ресей үшін әуе кеңістігін толығымен жапты.

Аяна Тоғанбек