Спорт • 28 Ақпан, 2022

Чемберленнің шыңы

251 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Наурыз айының басында АҚШ-тың Пенсельвания штатындағы «Хершипарк-аренада» өткен ойынды тамашалау үшін әдеттегіден әлдеқайда аз адам жиналды. Себебі, қалада таң ата себелеп жаңбыр жауып, күн күрт суытып кеткен еді. Десек те сол 4 124 көрерменге тарихи сәттің куәсі болу бақыты бұйырды. Дамылсыз әрі қарқынды шабуылмен өткен матч 169:147 есебімен алаң иеле­рінің пайдасынан шешілді. Яғни, екі команданың нәтижелерін қоса алғанда, олар 316 ұпайға иелік кетті. Одан бөлек, «Филадельфия Уорриорздың» ең белді ойыншысы Уилт Чемберлен бұл бәсекеде ҰБҚ-ның бес бірдей рекордын жаңартты. Сол көрсеткіштердің төртеуінің күні бүгінге дейін мұрты бұзылмай тұр.

Уилттың табыстарының ішіндегі ең кереметі – «Нью-Йорк Никске» қарсы кездесуде 100 ұпай жинауы. Оған дейін де рекордтық нәтиже дәл сол баскетболшыға тиесілі еді. 1961 жылдың 8 желтоқсанында «Лос-Анджелес Лейкерспен» шеберлік байқасқан кезде Чемберлен 78 ұпай еншіледі. Арада үш ай өтпей жатып, америкалық жұлдыз 100 ұпайлық межеге жетті. Бір ғажабы, бойы көк тіреген баскетболшы осы ойында 63 рет допты шығыршыққа лақтырып, соның 36-сы нысанаға дөп түсті. 32 айып добының 28-ін мүлтіксіз орындады. Осылайша, оның есімі баскетболдың даңқ залында алтын әріптермен жазылды.

Уилт Чемберлен 1936 жылдың 21 тамызында АҚШ-тың Филадельфия қаласында дүниеге келді. Оның бойы – 216 сантиметр, салмағы – 125 кило. 1959-1968 жылдар аралығында Уилт өзінің туған жерінде жасақталған команданың намысын қорғады. 1968-1973 жылдары «Лос-Анджелес Лейкерстің» жейдесін киді. Екі рет ҰБҚ чемпионы атанып, төрт рет ең құнды ойыншы деп танылды. «Жұлдыздар матчында» 13 мәрте өнер көрсетті. Одан да басқа көптеген толағай табыстарға қол жеткізді. Әр кездесу барысында орта есеппен 40-50 ұпайды қоржынға салып отырды. ҰБҚ тариыхындағы ең үздік сұрмергендер тізімінде Чемберлен жетінші орында тұр. Уилттың алдын тек Леброн Джеймс, Карим-Абдул Джаббар, Карл Мэлоун, Коби Брайант, Майкл Джордан және Дирк Новицки сынды аттары аңызға айналған ойыншылар ғана орай алды. ҰБҚ жарыстарында кейіпкеріміз барлығы 31 419 ұпайды еншіледі.

Чемберленнің көрсеткіші таяу арада жаңаруы екіталай. Өйткені одан кейінгі уақытта ойын алаңында жасындай жарқыл­даған талай танымал тұлғалардың бірде-біреуі оның рекордына маңайлай да алған жоқ. Уилттан кейінгі ең жақсы нәтиже Коби Брайантқа тиесілі. 2006 жылдың 22 қаңтарында «Торонто Рэпторсқа» қарсы матчта «Лос-Анджелес Лейкерстің» серкесі өте тамаша ойын өрнегін көрсетіп, мол ол­­жаға кенелді. Бірақ атағы жер жарған Брайант­­тың өзі 81 ұпайлық межеден аса алмады.

Уилт Чемберлен 1999 жылдың 12 қазанында 64 жасқа қараған шағында ұзақ уақытқа созылған ауыр науқастан қайтыс болды.