Медицина • 01 Наурыз, 2022

Жүрек ырғағы CARTO 3V7 Prime көмегімен операция жасалды

369 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Отандық кардиологтер жаңа құрыл­ғының көмегімен 30-ға жуық науқасқа операция жасады. Күрделі жүрек кесе­лінен құтылып, өмірлері ұзарған жан­дардың ішінде 27 жастағы аяғы ауыр келіншек те бар. Осылайша, Алма­тыдағы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми зерттеу институтының кардиологтері ресейлік әріптестері Сергей Артеменкомен бірге жүрек ырға­ғының күрделі бұзылуын емдейтін құрыл­ғының соңғы жетілген нұсқасы – CARTO 3V7 Prime көмегімен операцияларды сәтімен жүзеге асырды.

Жүрек ырғағы CARTO 3V7 Prime көмегімен операция жасалды

 

CARTO 3V7 Prime – науқастың жүре­гін­­дегі барлық «көріністерді» экранға шыға­ра­тын өте ақылды жабдықтармен толты­рылған ша­ғын тіреу. Осы арқылы Ресейдегі Іргелі және трансляциялық медицина федералды зерт­теу орталығының жетекші маманы Сергей Артеменко отандық клиниканың аритмологтері үшін шеберлік дәрісін өткізді.

«Биыл біз рентгенэндоваскулярлық опе­ра­циялық блокты халықаралық сапа стан­дарт­тарына сәйкес жетілдірдік. Жүрек арит­­миясын емдеу ісінде «алтын стандарт» деп танылған CARTO 3V7 Prime, яғни үш өлшемді жүрекішілік навигация жүйе­сін орнаттық. Бұл жүйе жүрек ырғағы қат­ты бұзылған нау­қастарды тиімді емдеуге жол ашады. Ол халық­аралық тәжірибеде жүрекке жасалатын түрлі аритмологиялық операцияда сәтті қолданылады», дейді КІАҒЗИ басқарма төр­ағасы, профессор Роза Қуанышбекова.

Емдеудің ең инновациялық әдістерінің бірі – радиожиілікті аблация (РЖА). CARTO 3V7 Prime пайдалану осындай процедураның тиімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Осы ерекше қондырғы жүректің то­лық үш өлшемді карталарын жасау және кейде қай­ғылы жағдайларға душар ететін аритмияның көптеген түрін емдеуге қабілетті.

Ресей кардиохирургі, Новосібір қаласының рентгенэндоваскулярлық диагностика мен іргелі және трансляциялық медицина­дағы ФЗО жетекші мамандарының бірі Сергей Артеменконың айтуынша, осы әдіс алынатын параметрлердің дәлдігінің нәтижесін­де процедураны тиімді және жылдам етеді. 1 мм-ге дейінгі дәлдікпен 3D-технологиялары аритмия көзін – басқа қан тамырларына зақым келтірмей патологиялық ошақты та­бу­ға мүм­кіндік береді, пациент толықтай қал­­пына келеді, тіпті операция барысында нәтиже көрінеді.

CARTO 3V7 Prime операция жасау жүйе­сімен жарақтандыру – сауығып шыққан пациенттерді көбейтіп, жүрек ырғағының бұзылуларын диагностикалаудың дәлдігін, катетер локализациясы есебінен пациенттерді емдеу мен әдістеменің тиімділігін арттырып, бір пациентте қайта қарау қажеттілігін азайтып, инфаркт, жүрек жеткіліксіздігі, инсульт сияқты басқа да кенеттен болатын өлім мен асқынулардың санын азайтуға мүмкіндік береді.

Осылайша, ақпанның 16-19-ы аралығында шеберлік дәрісі шеңберінде түрлі жастағы жүректің күрделі дерті бар 30 шақты пациентке операция жасалады. Ерекше бір жағдайды айта кету керек, жүкті болғанына 20 апта толған 27 жастағы пациентке операция жасалды. Ол әлі құрып, бас айналуы, есінен тану, жүрек жұмысындағы үзілістер, қалыпты дене қимылы кезінде де ентігу, жалпы әлсіздік, шаршау секілді белгілермен бірге жүретін жүрек соғысының жиілену ұстамасына шағымданған. Пациентке пароксизмалды қарыншаүсті тахикардия диагнозы қойылды. Синкопе. Операция сәтті өтті. Жүкті келіншектің жағдайы қазір жақсы.

CARTO 3V7 Prime жүрекішілік навига­цияның осы үшөлшемді жүйесі Алматы қала­сында тек Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да, ал астанада – Ұлттық ғылыми кардио­хирургия орталығында орнатылған.

 

АЛМАТЫ