Қоғам • 01 Наурыз, 2022

700-ден астам жеке клиника ТМККК және МӘМС қызметтерін көрсетеді

431 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2022 жылы 1 389 медициналық ұйыммен медициналық қызмет көрсетуге шарт жасасты, оның жартысынан көбі – жекеменшік ұйымдар. Биыл халыққа медициналық қызметтерді қаржыландыруға 2 трлн теңге қарастырылған, мұның ішінде 838 млрд теңге МӘМС жүйесінде бағытталады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында атап өтілгендей, МӘМС жүйесі «пациент қай жерге қаралса, ақысы сонда аударылады» қағидаты бойынша жұмыс істейді.

700-ден астам жеке клиника ТМККК және МӘМС қызметтерін көрсетеді

Пациенттің қандай да бір тексерулерден өту кезінде қордың меди­ци­налық қызмет жеткізушілері тізбесінен медициналық ұйымды таңдауға құқы­ғы бар. Ол үшін учаскелік дәрігердің немесе өз емханасының тар бейінді маманының жолдамасы болуы қажет.

«Қажетті медициналық қызметті алу үшін қормен осы қызметтерді көрсетуге шарт жасасқан клиника­лардың кез келгенін таңдауға болады. Қордың медициналық қызмет жет­кізушілері арасында жеке клиника­лар үлесі басым екенін атап өткі­міз келеді – 717 медициналық ұйым. Бұл – қор­дың барлық қызмет жеткізушісінің 50%-дан астамы. Азаматтар ма­ман­дар­дың консультация­ларын алуға, диаг­ностикалық процедуралардан, оның ішінде жеке медициналық ұйым­дарда ақысыз, медициналық сақ­тандыру шеңберінде учаскелік дәрі­гердің жолдамасы бойынша өтуге мүмкіндігі бар. Науқастардың алған қызметтері үшін төлемді қор жүргізеді», деді қордың басқарма төрағасының орынбасары Ілияс Мұхамеджан.

Сондай-ақ қорда тіркелген жері бойынша емханада қызмет көрсету мүмкіндігі болмаған жағдайда дәрігер осы қызметтерді көрсетуге бірлесіп орындау шарты жасалған басқа меди­циналық ұйымға жолдама беруге тиіс екенін түсіндірді. Немесе пациент осы қызметті көрсететін қордың жет­кізушілері ішінен медициналық ұйым­ды өзі таңдай алады. Онда учаскелік дәрігерден жолдама Денсаулық сақ­тау министрлігінің ақпараттық жүйелерінде автоматты түрде бірлесіп орындау шартын қалыптастыру үшін негіз болып табылады.

Қазіргі уақытта 1 389 медициналық ұйым ТМККК және МӘМС бойынша медициналық қызметтер көрсетуге қор­дың тікелей жеткізушілері болып отыр.

Ең көп тіркелген медициналық қызмет жеткізушілері амбулаториялық жағдайда консультациялық-диагнос­тикалық көмек, медициналық оңалту, мамандандырылған стационарды ал­мас­тыратын көмек, алғашқы меди­цина­лық-санитариялық көмек көрсету бойынша екендігін атап өткен жөн.

Қор сайтында медициналық қызмет жеткізушілер тізімін қалай пайдалануға болады? Қордың fms.kz сайтында «Пациент үшін» деген бөлімде «Емхананы таңдау» деген кіші бөлімде ТМККК және МӘМС медициналық көмек көрсетуші­ле­рі­нің тізбесі. Ті-

зімдерде өзіңіздің тұратын облы­сы­ңызды немесе аймағыңызды, со­дан кейін медициналық көмек тү­рін таңдауыңыз керек. Сондай-ақ мұн­да ЭКҰ, медициналық оңалту қыз­мет­теріне жеткізушілер тізбелері, қа­жетті уақытта жаңартылып отыратын бірлескен орындаушылардың тіз­белері жарияланады.

Консультациялық-диагностикалық қызметтерге өнім берушілер­дің тіз­бесі-стоматология, рентгенография, ПТР-тестілеу, КТ және МРТ көрсетілген.

Егер сізде медициналық көмектің сапасы мен уақтылы көрсету бойынша сұрақтар туындаса, емхананың Пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметіне немесе өзіңізге ыңғайлы келесі байланыс арнасы бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жүгіне аласыз: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot.