Футбол • 01 Наурыз, 2022

УЕФА ресейлік команданы Еуропа лигасынан шығарып тастады

641 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

УЕФА Еуропа лигасында бақ сынап жатқан ресейлік «Спартак» футбол клубын Украинадағы жағдайға байланысты жарыстан шығарып тастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

УЕФА ресейлік команданы Еуропа лигасынан шығарып тастады

Ресейлік команда кәрі құрлықтың екінші дәрежелі клубтық додасының 1/8 финалында германиялық «РБ Лейпциг» футбол клубымен кездесуі керек болған. Алайда УЕФА басшылығы Украинадағы соғысқа байланысты ресейлік командаларды жарысқа қатыстырмау туралы шешім қабылдады. УЕФА-дан бөлек ФИФА да ресейлік командаларды байрақты бәсекелерден шығарып тастау туралы шешімге келген болатын.