Аймақтар • 01 Наурыз, 2022

Оқушыны қағып кеткен жүргізуші айыппұлмен құтылды

228 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Риддерде мектеп оқушысын көлік қағып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқушыны қағып кеткен жүргізуші айыппұлмен құтылды

Оқиға 26 ақпан күні таңертең болған.

Полиция нақтылағандай, 42 жастағы GAS жүргізушісі Тәуелсіздік даңғылы бойында солға қарай бұрылған кезде реттелетін қиылыста кәмелетке толмаған қызға жол бермеген.

Оқушы жолды бағдаршамның жасыл түсі жанып тұрғанда өтпек болған.

«Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабы бойынша жол қозғалысы ережелерінің талаптарын орындамай, жаяу жүргіншілерге жол бермегені үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Аталған баптың санкциясы бойынша жүргізуші 10 АЕК мөлшерінде айыппұл төледі», деп хабарлады ШҚО ЖПҚ баспасөз қызметі.