Аймақтар • 01 Наурыз, 2022

Павлодарда кәсіпорын басшылығынан ақша бопсалаған күдікті ұсталды

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Күдікті Павлодар қаласының  уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды  Egemen.kz Рavlodarnews.kz-ке cілтеме жасап.

Павлодарда кәсіпорын басшылығынан ақша бопсалаған күдікті ұсталды

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше,  23 ақпанда Павлодар қаласында арнайы іс-шаралар барысында полицейлер бопсалау күдігі бойынша 40 жастағы қала тұрғынын ұстаған. 

«Ер адам 2020 жылдың сәуір - қыркүйек айлары аралығында Павлодардағы ЖШС бірінің бас директоры мен директорынан 52 млн 080 мың теңге көлемінде ақшалай қаражат  бопсалаған деп күдіктелуде», - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Василий Скляр.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 194-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.