Аймақтар • 01 Наурыз, 2022

Алматыда 44 жастағы ана 14-інші сәбиін дүниеге әкелді

239 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының 44 жастағы тұрғыны 14 баланың анасы атанды. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда 44 жастағы ана 14-інші сәбиін дүниеге әкелді

Көпбалалы ана сәбиін Алматы қалалық Перинаталды орталығында босанды. 7 ұл мен 7 қыздың анасы дәрігерлерге алғысын білдірді.

«Құдайдың бергенін қуана қабылдаймыз, әрине. Бүгінде үлкен отбасы болып отырмыз. Қазір тұңғышымның өзі әке атануға дайындалып жүр. Бастысы басымыз аман болсын», деді қала тұрғыны Елена Бородюк.

Батыр ананы босандырып алған дәрігерлердің айтуынша, нәрестенің бойы 55 см, салмағы 4 келіден астам. Қазір ананың да, баланың да денсаулығы бірқалыпты.

«Жоғарғы топтағы қауіп-қатердегі қан кету болғандықтан, бүкіл ұжым болып атсалысып, әйел он төртінші баласын аман-есен босанды. Салмағы 4 келіден асатын қыз бала дүниеге келді», деді Алматы қалалық Перинаталдық орталығы бас дәрігерінің орынбасары Жәмиля Исаева.