Аймақтар • 02 Наурыз, 2022

Қайсар кәсіпкер қолдау білдірген жандарға дән риза

287 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Біздің кейіпкеріміздің аты-жөні – Рахат Қадырбеков. Оның жасы отыз бірде екен. Рахат қазір Қарасай ауданындағы Көкөзек ауылында тұрады. Жол-көлік апатының салдарынан бес жасында мүгедек атанып, сол уақыттан бері арбаға таңылды. Алайда өмір­дің қиын­ды­ғынан сүрінбей өтіп, қайсарлығы мен ба­тыл­ды­ғын көрсетті.

Қайсар кәсіпкер қолдау білдірген жандарға дән риза

Рахат ақпараттық технологиялар бойынша маман атанып, бірнеше жыл жеке компанияның бірінде веб-ма­­ман болып жұмыс істеді. Сондай-ақ бейнемонтаж негіз­де­рі бойынша үш айлық курс­ты оқып шықты. 

– Көптеген компа­нияның кең­селері арбадағы адам­­дар үшін бейімделмеген соң олар­дың жұмысқа алуға мүм­­кіндігі жоқ. Мен үнемі қоз­ға­лыс­та болғым келді, бел­сен­ді түр­дегі жұмыс ұнайды. Ұзақ уа­қыт бойы жұмыс іздеп, өз биз­несімізді ашу ең оңтайлы іс болады деп шештім. Аудан­дық кәсіпкерлер палатасына жүгініп, онда маған жан-жақты кеңес беріп, мемлекеттік қол­дау шараларымен таныстырды. Ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың табысты кә­­­сіпкер атанып жатқанын жет­­кізді. Табысты оқиғалар ме­ні шабыттандырып, жеке кә­­сі­бімді ашамын деген үміт сый­лады. Осылайша, «Бастау бизнес» оқыту жобасына жазылып, оқуды аяқтағаннан кейін 200 АЕК көлемінде грант ұтып алдым, – дейді кейіп­ке­рі­міз.

Рахат грант қаражатына уақ мал сатып алып, қазір 12 қой­ды өз ауласында бағып отыр. Алдағы уақытта жылқы сатып алуды ойлап жүр. Үй маңындағы бау-бақшада жо­ңышқа өсіреді. Әрине, ар­ба­ға таңылған адам түгілі, мұн­дай істерді игеріп кету сау адам­ның өзіне сын. Ал бұл ба­ғытта Рахатқа жақындары кө­мек­те­сіп келеді.

Айтпақшы, Алматы облысында «Еңбек» бағдарламасы шеңберіндегі «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздерін оқы­ту жобасы бойынша бес жыл ішінде 16 мыңнан аса жұ­мыс­сыз және ісін жаңа бас­та­ған кәсіпкерлер оқы­тыл­­ды. Өткен жылдары аяқ­та­ғандарды ескере отырып, жоба бойынша оқытыл­ған­дардың ішінен 6 328 бизнес-жоба мемлекеттік бағ­дар­ламалар бойынша грант­­­тық ­қаржыландыру мен же­­ңіл­детіл­ген несие алған кө­рі­­неді.

Соның бірі – Рахат Қадырбеков. Кәсіпкер қолдау білдірген жандарға риза. Ол мемлекетке, заманына, қайы­рым­ды адамдарға, ат үстіндегі азаматтарға үнемі алғыс айтып отырады.

 

Алматы облысы