Ол әуелде Рафаэль Физиевке қарсы октагонға шығуы керек болған. Алайда Физиевтің коронавирус жұқтырып алуына байланысты бразилиялық спортшы енді Ренато Мойканомен кездесетін болды
Рафаэль дос Аньос соңғы жекпе-жегінде америкалық Пол Фелдерді төрешілердің басым даусымен жеңген болатын.
Жалпы аралас жекпе-жек әлемінде 43 кездесу өткізген ол 30 мәрте жеңіс тойын тойласа, 13 рет жеңілістің кермек дәмін татқан еді. Ал оның отандасы Мойкано болса соңғы шайқасында (13 ақпан күні) Александр Эрнандеспен кездесіп, қарсыласын мерзімінен бұрын ұтты. Қысқасы, Рафаэль дос Аньоспен көптеген спортшылар жекпе-жек өткізуге ниетті болғанымен, таңдай Мойканоға түсті.