Қаржы • 02 Наурыз, 2022

KASE: Доллар бағамы 492 теңге болды

366 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

KASE  Қазақстан қор биржасы 11:00-дегі жағдай бойынша доллардың орташа бағамы 492,21 теңгені құрап, 6,68 теңгеге көтерілгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

KASE: Доллар бағамы 492 теңге болды

Айырбас пункттерінде америкалық долларды 492-498 теңгеден, еуроны - 543-555 теңгеден сатып алады/сатады. Рубль - 4,9-5,7 теңгені құрады.

Сонымен қатар 2 наурыздағы сауда-саттық барысында мұнайдың әлемдік бағасы сәл өсті.

Сәуірде жеткізілетін WTI мұнай фьючерстері 4,94%-ға өсіп, барреліне 108,52 долларды құрады.

Мамыр айында жеткізіліммен Brent маркалы мұнайдың құны 4,81%-ға, яғни, барреліне $110,02-ға дейін көтерілді.