Қазақстан • 02 Наурыз, 2022

Ерлан Қошанов билеуші партия атауы неге өзгергенін түсіндірді

1290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошанов басқарушы партияның жаңа атауын тіркеу мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ерлан Қошанов билеуші партия атауы неге өзгергенін түсіндірді

Мәжілістің жалпы отырысынан кейін журналистер Палата төрағасына басқарушы партияның жаңа атауын тіркеуге қатысты бірқатар сұрақ қойды.

Палата Спикері атап өткендей, заңнама тұрғысынан тіркеу процесінде қиындықтар болмайды.

«Біз мәселені зерттеген кезде «Аманат» деп аталатын 30-дан астам түрлі ұйым бар екені белгілі болды, бірақ бұл атаумен ешқандай партия тіркелген жоқ. Сондықтан, «AMANAT» атты партияны тіркеуде қиындықтар болмайды деп ойлаймын», деп түсіндірді Ерлан Қошанов.

Мәжіліс Төрағасы «Nur Otan» партиясы бұрынғы атауынан неге бас тартқанын түсіндірді.

«Негізінде өмір мен қоғам өзгеріп жатыр, сіздер осыны көріп отырсыздар. Егер өткен жылдың желтоқсаны мен осы жылдың қаңтарында болған оқиғаға қарасақ, біз басқа мемлекетте тұрып жатқан сияқтымыз. Сондықтан бүгінде қоғамның сұранысы да өзгеруде. Қаңтар қасіретінен кейін қоғам да өзгерді. Ал партия мүшелері мұның бәрін ескере алды», деді ол.

Ерлан Қошанов атап өткендей, депутаттар тұрғындардың көңіл-күйлері мен сұраныстары назарға алынған өңірлерге барды. Бүгінде партияны ғана емес қоғамды да жаңарту қажеттілігі бар.

«Осының бәрін негізге ала отырып, партия мүшелері тиісті шешім қабылдады және партия Төрағасы оны қолдады», деп түйіндеді Мәжіліс Спикері.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50