Ауа райы • 02 Наурыз, 2022

Елімізде күн райы күрт жылынады

639 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 3-5 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде күн райы күрт жылынады

Көктем келгенімен, Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерінің тұрғындары оны әлі сезіне алған жоқ, суық антициклон бұл өңірлерде жауын-шашынсыз аязды ауа райын ұстап тұрды.

«4 наурызда циклон Жерорта теңізінен ел аумағына ауыса бастайды, онымен бірге ылғал мен жылудың үлкен қорын алып, жауын-шашын әкеледі, негізінен жаңбыр түрінде және ауа температурасының көптен күткен жоғарылауы болжанады», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Солтүстік аймақтардағы термометр бағандары күндізгі уақытта 0-5 градусқа дейін, ал оңтүстік аймақтарда тіпті 15-20 градусқа дейін көтеріледі.