Оқиға • 02 Наурыз, 2022

Қаңтар оқиғасы: Қамауда отырған 199 адам шығарылды

353 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаңтар оқиғасына қатысты күдіктілерге тағайындалған бұлтартпау шаралары қайта қаралып жатыр. Бұл туралы ҚР Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қаңтар оқиғасы: Қамауда отырған 199 адам шығарылды

«Прокуратура органдары бұрын таңдалған бұлтартпау шараларын қайта қарау бойынша жұмыс жүргізуде. Жеке басын, денсаулық жағдайын және тергеуге көрсетілген көмекті ескере отырып, 199 күдіктіге «қамауда ұстау» шарасы «ешқайда кетпеу туралы» қолхатқа, «кепілге», «үйқамаққа алуға» және «жеке кепілгерлікке» ауыстырылды. Қаңтар оқиғаларының себептері мен жаңа мән-жайларының анықталуына қарай, олар да жұртшылыққа жеткізілетін болады. Сонымен бірге, тек ресми деректерге сенуге және жалған мәліметтерді таратпауға шақырамыз», деді Бас прокуратура өкілі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Айта кетейік, қазір Қаңтар оқиғаларына қатысты сотқа дейінгі 3 666 тергеп-тексеру ісі бар. 162 айыпталушыға қатысты 101 қылмыстық іс сотқа жолданды және 62 адам сотталды.