Кәсіпқой бокс • 03 Наурыз, 2022

Тоғызыншы сәуірде Головкинді жеңемін – Риота Мурата

412 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орта салмақ дәрежесіндегі WBA (super) белдігінің иесі, жапониялық Риота Мурата келесі жекпе-жегінде тарихи жеңісіне қол жеткізуге ниетті екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тоғызыншы сәуірде Головкинді жеңемін – Риота Мурата

«Геннадий Головкин секілді ұлы чемпионға қарсы шаршы алаңға шығу – мен үшін үлкен бақыт. Жапония жерінде өтетін осынау тарихи шайқастың қатысушысы болғаным үшін бек қуаныштымын. Тоғызыншы сәуір күні Геннадий Головкинді жеңіп, атымды тарих парақтарына алтын әріптермен жазғалы жүрмін», деді жапониялық боксшы өз ойымен бөлісіп.