«Батырбаевты азаптады деген күдікке ілінген азамат ақыры қамауға алынды деп сендіре аламын. Үлкен және ауыр жұмыс атқарылды. Біз құқықтық шындыққа қол жеткіздік», деп жазды Батырбаевтың қорғаушысы Бауыржан Азанов Facebook-тегі парақшасында.
Азанов қалған мәліметтерді тергеу құпиялылығына байланысты жария етпеді.