Саясат • 03 Наурыз, 2022

Ақын Аманжол Әлтай Мәжіліс депутаты болады

3664 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Саяси кеңес Бюросының қаулысымен AMANAT партиясынан Парламент Мәжілісі депутатының бос мандатын партиялық тізім бойынша Аманжол Әлтайға беру туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақын Аманжол Әлтай Мәжіліс депутаты болады

Тиісті шешім Орталық сайлау комиссиясына жіберілді.

«Аманжол Әлтайды көптен бері танимын. Тек елге танымал айтыскер ақын ғана емес, халық мүддесі үшін әркез салиқалы сөз түзіп жүрген азамат ретінде де жақсы білемін. Әрқашан елдің жанынан табылып, қиын кезде де партиямен бірге бола білген, ізін басып келе жатқан жастарға ісімен де, сөзімен де үлгі болып жүрген тұлға», деп жазды AMANAT партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов әлеуметтік желіде.