«Орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша уақытша әлем чемпионы атағына таласатын Жәнібек Әлімханұлы мен Хайме Мунгия арасындағы шайқасты асыға күтіп жүрмін. Екі жігіттің де мықты боксшы екені талас тудырмайды. Әйткенмен мен Жәнібек Әлімханұлының жеңіске жететініне сенемін», дейді жапониялық боксшы өз ойымен бөлісіп.
Естеріңізге сала кетейік, Риота Мурата 9 сәуір күні Токиодағы «Сайтама» кешенінде отандасымыз Геннадий Головкинге қарсы шаршы алаңға шығады.