Ақтөбеде Алғыс айту күніне орай «Ақтөбе облысы корейлерінің қазақ халқына алғысы» мүсіндік композициясының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, облыс әкімі Оңдасын Оразалин, Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Ку Хонг-сок, Корея Республикасы елшілігінің консулы Мисс Ким Вон Йон, сондай-ақ ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары қатысты.

«Өткен ғасырдың 30-жылдарында корей халқының басына қандай ауыр тауқымет түскенін бәріміз білеміз. Корей ұлтының 100 мыңға жуық өкілі қақаған қыста жүк вагондарымен айдалаға жер аударылып келгенде, кеңпейіл қазақ халқы оларды жатсынбай бауырына басып, қиын-қыстау заманда көмек қолын созған еді. Бүгін біздің достығымыз бен ынтымағымыздың беріктігі – халқымызды біріктіретін айтулы оқиғаларды еске алып, өткен тарихты жадымызда сақтау. Сондықтан жаңа композицияның ашылуы біздің қоғамның өмірлік күші ынтымағымыз бен бірлігімізде екенінің тағы да бір айқын дәлелі», деді Марат Әзілханов.
ҚХА Төрағасының орынбасары акцияның бастамашыларына шынайы алғысын білдіріп «Ақтөбе облысының корейлер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы К.В.Цхайға «Халық алғысы» медалін табыстады. Сондай-ақ жоғары мәртебелі Корея елшісі Ку Хонг-сок мырза мен консул Ким Вон Йон ханымға екі елдің достығы мен ынтымақтастығын дамытуға әрдайым атсалысатындары үшін өзінің айрықша ілтипатын жеткізді.
Ақтөбе облысының әкімі О.Оразалин: «1930-1940-жылдардағы жаппай жер аудару кезеңінде түрлі этнос өкілдері халқымыздың қонақжайлылығының арқасында Қазақстанда баспана тауып, жаңа өмірге қол жеткізді. Ең сұрапыл аязда қазақ халқының қоныс аударушыларға деген шынайы қарым-қатынасы арқылы жан дүниелеріне жылулық сыйлады. Бүгінгі таңда сол қиын-қыстау кезеңде қолдау көрсеткен жер мен халыққа алғыс ретінде корей этносының өкілдері қазақ халқына өзара құрмет, сенім, достық пен барша қазақстандықтың бірлігінің нышанын бейнелейтін осы жарқын мүсіндік композиция түрінде шексіз құрмет көрсетті», деді.
Ку Хонг-сок құттықтау сөзінде: «Осыдан 85 жыл бұрын Сталин үкіметінің бұйрығымен корейлер Қиыр Шығыста пойызға отырғызылып Қазақстанға күштеп қоныс аударылған. Сол кезде Қазақстан халқы ашаршылық пен шаруашылықтың тоқырауы салдарынан қиын жағдайда болғанына қарамастан, корейлерге баспана, киім-кешек, азық-түлік жағынан көмек қолын созып, оларды жақын көрші, отбасы мүшесі ретінде қарсы алды. Бұл ескерткіштің ашылу салтанаты сол қилы заманда қазақ елінің корейлерге деген ынтымақтастығының асқақ рухын еске алып, құрмет көрсетудің белгісі», деді.
«Бұл мүсіндік композиция қазақ халқының жер аударылғандарға деген кеңпейілдігі мен мейірімділігін ашып көрсетеді», деді Константин Цхай қазақ еліне шынайы ризашылығын білдіре отырып.
Аталған туынды қазақ және корей әйелдерінің мүсінінен тұрады. Депортацияның қиын кезеңінде корей ұлтының мыңдаған өкілдерінің аман қалуына көмектескен қазақтардың қонақжайлығының символы ретінде қазақ әйелі корей әйеліне қымыз құйылған ыдысты ұсынып тұр. Әйелдер өздерінің ұлттық киімдерін киген. Корей әйелінің арқасында бала – бұл корей ұлтының балаларды алып жүруінің дәстүрлі тәсілі. Ақ құстың айшықты қанаттары қазақ ұлтының символы шаңырақты ұстап тұр. Әйелдердің арғы жағында шаңырақты ұстап тұрған ақ құстың айшықты қанаты – қазақтарға арналған үйдің нышаны. Шаңырақ күнді бейнелейді.
Осы күні Марат Әзілханов Ақтөбе облыстық ҚХА мүшелерімен, оның қоғамдық құрылымдарымен, ҮЕҰ өкілдерімен және «Жастар Ассамблеясы» жастар қанатымен кездесу өткізіп, жалпыұлттық бірлік пен келісім, жастардың бойындағы парасаттылық құндылықтарды қалыптастыру, қазақстандық патриотизмді дамыту мәселелері төңірегінде ой қозғады. Оған қоса Ассамблея жұмысының жаңа бағыттары бойынша ұсыныстар талқыланды.
Өткен тәулікте 66 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:50
Бельгияда коронавирусқа қарсы екпе салу қайта басталмақ
Коронавирус • Бүгін, 09:05
Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • Кеше
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Кеше
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Кеше
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Кеше
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Кеше
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Кеше
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Кеше
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Абиба Әбужақынова «Grand Slam» турнирінде қола жүлде алды
Күрес • 24 Маусым, 2022
«AMANAT» – 2022 медиа сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Оқиға • 24 Маусым, 2022
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • 24 Маусым, 2022
«IQanat» қоры ауыл оқушыларының сапалы білім алуға қолжетімділігін арттырады
Білім • 24 Маусым, 2022
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • 24 Маусым, 2022
Әлемде азық-түлік мәселесіне қатысты жағдай күрделеніп кетті - Тоқаев
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі диалогына қатысты
Президент • 24 Маусым, 2022
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • 24 Маусым, 2022
Қостанайда VII «Бұқаралық спорт Олимпиадасы» аяқталды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Өзбекстан Түркі академиясы ұйымына бақылаушы мәртебесін алды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Мәулен Әшімбаев: Реформалардың басты мақсаты – әділетті Қазақстан құру
Парламент • 24 Маусым, 2022
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Парламент • 24 Маусым, 2022
Америкада қоғамдық орында қару ұстауға рұқсат берілді
Әлем • 24 Маусым, 2022
Флоридада су астына сүңгу кезінде екі адам қайтыс болды
Әлем • 24 Маусым, 2022
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • 24 Маусым, 2022
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • 24 Маусым, 2022
Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет үшін сыйақы жариялады
ANTIKOR • 24 Маусым, 2022
Ұқсас жаңалықтар