Бизнес • 04 Наурыз, 2022

Мыңнан аса әйел өз кәсібін ашқысы келеді

268 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Республика өңірлерінде жүргізілген сауалдамаға сәйкес ауыл әйелдерінің үштен бір бөлігі өз ісін бастағысы келеді әрі өңірлерде кәсіпкерлікті қолдау мүм­кіндіктері бар екеніне сенімді. Зерттеу нәтижелері «Ауылдағы әйел­дер кәсіпкерлігі – қолдау бағыттарын анықтау және кедергілерді еңсе­ру» тақырыбында ҮЕҰ ұйымдастырған дөңгелек үстел барысында мәлім бол­ды.

Мыңнан аса әйел өз кәсібін ашқысы келеді

 

Зерттеулер көрсеткендей, рес­пон­дент­тердің 30,6 пайызы ша­ғын бизнеспен айналысқысы келеді. Ал 11,2 пайызы алдағы 3 жылда өз ісін бастағысы келсе, 20,4 пайызы болашақта ашуға ниетті. Бұл көрсеткіштер ауыл шар­уа­шылығының 31,6 пайызында қо­сымша әлеуеттің бар екенін бол­жау­ға мүмкіндік беріп отыр. Ал рес­пон­дент­тердің 5 пайызының бастаған ісі сәтсіз болған, сондықтан әрі қа­рай жалғастыруға ниетті емес. Ауыл­дағы әйелдер кәсіпкерлігін қол­дау ша­ра­­л­­арын Қазақстанның ауыл әйел­дері форумының тапсырысы бойын­ша «Coca-Cola белестері» әлеу­мет­тік қайы­рым­дылық жоба­сы­ның ұйым­дас­­ты­румен «Сандж» зерттеу орта­лы­ғы жүргізген.

Қазақстан ауыл әйелдері фо­ру­­мы­ның ұйымдастыру коми­те­тінің төрайы­мы, Парламент Мәжілісінің депутаты Майра Ай­сина атап өткендей, егер әйел­­дер жұмыс орындарын құр­ғы­­­сы келсе, бұл үрдіс барлық ке­зеңде жан-жақты қолдауға ие болуы керек. Бұл елі­міздегі әлеу­меттік-экономикалық жағ­дай­дың жақсаруына, ІЖӨ өсуі­не оң ықпал етеді. Ол үшін мемле­кет­тік ауқымда ауылда бизнесті бас­­тау­дағы бар кедергілерді азай­туға бағытталған шаралар жү­­зеге асуы тиіс. Соңғы 9 жыл ішінде 35 мыңнан аса әйел әр­түр­лі тре­нингтен өтті. Мұны­мен қатар мың­даған әйел өзінің биз­нес жоспарын жазуды, өз қиын­дығын өзі шешуді үйренді. Бұдан өзге, 81 әйел 2 және 4 мың доллар көлемінде грант алып, өз бизнесін дөңге­ле­тіп, қосымша 200 жұмыс орнын ашқан.

Ауыл әйелдерінің бизнес ашуының мәні – кірісті көбейту ғана емес, ең ал­ды­мен ешкімге кіріптар болмай өз арманына қол жеткізу. Зерттеуден анық­талғандай, бизнестегі сәтсіздік­тер­д­ен үрей­лену орта есеппен ауыл әйел­де­рінің 56 пайызын құрайды. Мұндай жағдай Қарағанды, Ақ­мо­ла, Шығыс Қазақстан және Алматы облыс­та­рында жиі кез­де­седі (66-81 па­йыз). Негізгі қор­қы­ныш қар­жы­лан­дыруға және салынған инвес­тицияны жоғал­ту­ға байланысты. Үшіншіден, есеп беру мен тексеруден қорқу сияқты пси­хо­ло­гия­лық факторлар бар.

«Әлеуметтік динамика» қо­ғам­­дық қорының директоры Елена Ожго атап өткендей, оқу бағ­дарламаларына соңғы жыл­дары сұраныс артқан. Ауыл әйел­де­рінде экономикалық қиын­дықтарға, инфрақұрылымның жетіс­пеушілігіне, әлеуметтік-пси­хо­­ло­гиялық кедергілерге және басқа да кедергілерге қара­мас­тан жұмысқа орналасу және табысын арттыруға ынта басым. Ке­дер­гі­лер­ге қарамастан, са­уал­­дамаға қатысқан әйелдердің көп­­ші­лігі өз ісін ашуды жоспар­­лап, іс-әрекетке дайын отыр. «Жа­сыл» эко­номика және G-Global­ да­мыту коа­ли­ция­сы» ЗТБ атқарушы директоры Асхат Сүлейменовтің айтуынша, биыл әйелдер арасындағы үздік бизнес-идеялардың көп бол­ға­ны қоғамға тиімді. Олардың өз бизнес жоспарларын қорғау арқылы гранттар ұтып алуына толық мүм­кіндіктері бар.

Сауалдама барысында Ал­маты, Түркістан және Ақмола облыс­­та­рын­дағы әйелдер ара­сын­дағы себеп-салдар, қауіп­тер­ге және қолдау түр­леріне терең талдау жүргізілді. Бұл өңірлер тұрғындарының негізгі мә­селесі жұмыссыздық, өмір сүру дең­гейінің төмендігі, жолдардың, көлік пен байланыстың жай-күйі немесе болмауына байланыс­ты келеді. Сондай-ақ Түр­кістан және Алматы облыстары үшін үй-жайларды жалға алу немесе сатып алу құнының жоғары болуы, ал Ақмола облысы үшін су және электр желілеріне қо­сы­лу мәсе­лесі өзекті. Алматы об­лысында балабақшалардың тап­шылығы, Ақ­мола облысында – медициналық қызмет көрсету деңгейінің төмендігі, Түркістан облысында отбасылық жанжалдар жиі кездеседі. Түркістан облысында әйелдер арасында бизнеспен айналысуға деген ниет айтарлықтай жоғары бол­са, 36 пайызы неден бас­тау керектігін білмейді, ал 43 па­йы­зының өтініш беру деңгейі ай­тарлықтай төмен. Ақмола об­лы­сында ауыл тұрғындары іс жүргізу, салық салу және өнімді өткізу мүмкіндіктері туралы өз бі­лімдерінің жетіспеушілігінен ке­дергілерге тап болатынын айтады. Түркістан және Алматы облыстарында қаржыландыру басым болса, Ақмола облысында оқыту семинарлары, бизнестің нақты бағыттарын оқыту, табыс­ты кәсіпкерлермен кездесулер жиі өтеді. Түркістан облысының тұрғындары үшін ақпараттық-кеңестік қолдау және бизнестің нақты бағыттарына онлайн-оқыту маңызды. Алматылық кә­сіпкерлер үшін табысты бизнесмендермен кездесу екінші орында тұр.

 

АЛМАТЫ