Демалыс күндері циклон Жерорта теңізінен ауысып, елдің көп бөлігіне ылғалдың үлкен қорын әкеледі. Осыған байланысты көп өңірлерде жаңбыр жауады.
5 наурызда - батыста және елдің оңтүстік жартысында, 6 наурызда - елдің солтүстік жартысы мен орталығында қар мен жаңбыр жауады.
Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді. Елдің солтүстік бөлігінде бұрқасын соғады.