Қоғам • 04 Наурыз, 2022

Алматыдағы Президент резиденциясы неге сүрілетіні белгілі болды

539 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Іс басқармасы Алматыдағы Мемлекет басшысының резиденциясы неге сүрілетінін түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыдағы Президент резиденциясы неге сүрілетіні белгілі болды

ПІБ баспасөз қызметі мәліметінше, сарапшылар резиденция ғимаратының пайдалануға жарамдылығы шектеулі деген қорытынды жасаған.

«Өрт пен өте жоғары температура салдарынан барлық жүк көтергіш құрылым мен шатырдың негізі саналатын металл элементтері зақымданған. Ғимараттың сақталып қалған бөлігіндегі өрт иісін толығымен жою мүмкін емес.

Оның үстіне, бүгінде нысанның кейбір құрылымдық элементтері қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес келмейді. Ғимараттың негізгі құрылымдарын қалпына келтіру және оның сейсмикалық нығайтылуына орасан зор күрделі салымдар қажет», деді Президент Іс басқармасы өкілдері.

Сарапшылардың пікірінше, резиденцияны жөндеу және онда белсенді жұмыс істеу де қауіпті. ПІБ баспасөз қызметі ғимаратты бұзу заңмен белгіленген барлық рәсімді сақтай отырып жүргізілетінін хабарлады.